Астанада бастауыш сынып оқушысы жоғалып кете жаздады

3 395
Published on 28 Dec 2018, 15:30
Астанада тапа тал түсте бастауыш сынып оқушысы жоғалып кете жаздады. Алты жастағы Әрсен мектеп ішіне кіре бергенде оны белгісіз әйел қолынан жетектеп ғимаратқа өтіп кеткен. Аңдамай ішке еніп, баламен бірге асханаға қарай бет алған әйелді күзет те байқамай қалыпты. Табалдырықтан аттай сала ізім-ғайым жоғалып кеткен оқушыны тәрбиешілер біраз уақыт бойы іздеп таба алмаған. Ең алаңдататыны, бұл әйелді сыртта такси күтіп тұрған екен.
news