Қытай Айдың арғы бетіне аппарат қондырды

2 920
Опубликовано 3 января 2019, 10:15
Қытай Айдың арғы бетіне ғарыш аппаратының сәтті қонғанын хабарлады. Бұған дейін бірде-бір аппарат ол жаққа қонып көрмеген. Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, 3 қаңтарда "Чанъэ-4" роботы Астана уақытымен таңертеңгі сағат 8:30-да Айдың арғы бетіндегі Эйткен - Оңтүстік Полюс бассейніне қонған. Алғашқы суретін де түсіріп, жіберіп үлгерген. Аппарат Айда геологиялық зерттеулермен қатар биологиялық тәжірибелер де жасайды. Қытай 2013 жылы да Айға "Чанъе-3" аппаратын жіберген. Алайда, техникалық қиындықтарға байланысты бір айдан соң істен шыққан. АҚШ, Үндістан, Жапония және Ресей де таяу жылдары Айды зерттейтін ғарыш аппараттарын ұшыруды жоспарлап отыр. АҚШ 1969-1972 жылдары Айға 12 аппарат қондырған. Зерттеу аппараттары Айдың қараңғы жағын суретке түсіргенімен, олардың бірде-бірі арғы бетіне қонбаған.
Originally published at - azattyq.org/a/kazakhstan-chinese-spacecr...

Бізге жазылыңыздар:
Фейсбук: facebook.com/azattyq
ВК: vk.com/azattyqradiosy
Твиттер: twitter.com/AzattyqRadiosy
Телеграм: telegram.me/azattyq
19 часов – 925:03
Выпуск 18.02.2019
1 день – 924:54
100 новыx лиц
20 часов – 22010:13
Автонесиелендіру
новости