Никол Пашинян Қарағандыдағы оқиға жайлы не деді?

76 714
Опубликовано 7 января 2019, 16:47
Армения премьер-министрі міндетін атқарушы Никол Пашинян Қарағандыда болған оқиғаға қатысты өз ойын айтты. Жаңа жыл түні Қарағандыдағы мейрамханалардың бірінде төбелес болып, бір адам қаза тауып, төрт адам жарақаттанған. Барлығы жеті адам ұсталған. Тағы бір адам Нарек Гурурянға халықаралық іздеу жарияланған. 6 қаңтарда Қарағандыда жүздеген адам "қылмыскерді" табуды талап еткен. Қарағанды облысы әкімі Ерлан Қошанов іздеу жұмыстары жүріп жатқанын айтқан.

Originally published at - azattyq.org/a/world-pashinyan-about-kara...

Пашинян Қарағандыдағы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Армения премьер-министрі міндетін атқарушы Никол Пашинян Қарағандыда болған оқиғаға қатысты өз ойын айтты. Бұл туралы Азаттықтың Армян қызметі хабарлады.

"Марқұмның жақындарына көңіл айтамын және бұл оқиғада ұлтаралық сипат жоқ екенін баса айтқым келеді. Маған жеткен ақпарат бойынша, төбелескендер әр ұлттың өкілі болған. Төбелескендер арасында қазақ та болған. Бұл төбелесте ұлтаралық араздық болды дей алмаймын" деді ол.

Пашинян Армения басылымдары бұл жағдайға қатысты ақпарат таратқанда барлық фактіні тексеру керектігін ескертті.

7 қаңтарда Арменияның сыртқы істер министрлігі де Қарағандыдағы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасаған. Қазақстан сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов пен Армения сыртқы істер министрі Зограб Мнацаканян телефон арқылы сөйлескені хабарланды.

Жаңа жыл түні Қарағандыдағы мейрамханалардың бірінде төбелес болып, бір адам қаза тауып, төрт адам жарақаттанған. Барлығы жеті адам ұсталған. Тағы бір адам Нарек Гурурянға халықаралық іздеу жарияланған.

6 қаңтарда Қарағандыда жүздеген адам "қылмыскерді" табуды талап еткен. Қарағанды облысы әкімі Ерлан Қошанов іздеу жұмыстары жүріп жатқанын айтқан.
10 часов – 18525:01
Как живешь, учитель?
новости