Қызылшамен ауру қаупі еліміздің барлық аймақтарында асқынып тұр

354
Опубликовано 18 января 2019, 15:25
Қазақстанда жаңа жыл басталған он сегіз күннен бері қызылша дертіне 600-ге жуық адам шалдыққан. Науқастардың басым бөлігі Астана қаласында. Ең қорқыныштысы, қызылшамен ауру қаупі еліміздің барлық аймақтарында асқынып тұр. Мамандардың өзі аурудың беті қашан қайтатынын айта алмай отыр. Ал Ақмола облысында қызылша дерті енді дәрігерлерге жұға бастады. Тез таралатын ауруды тоқтату әзірге мүмкін болмай тұр.
новости