Биыл облысқа 2 трлн теңге инвестиция құйылуы керек

138
Published on 18 Jan 2019, 16:00
Облыста жаңа медициналық орталықтар пайда болады. Балабақша, мектеп саны артады. Жұмыс орындары мен тұрғын үйлер көбейеді. Бүгін облыс әкімдігінде аймақты дамытудың осы жылға жоспары жария етілді. Облыстың былтырғы экономикалық өсу көрсеткіші - 5 пайыз. Биыл да осы көрсеткішті сақтау қажет. 2017-ші жылмен салыстырғанда былтыр бізге республикалық бюджеттен қаржы көп аударылған. Әрине жергілікті бюджеттің де кіріс бөлігін ұлғайту шарт. Егер былтыр біз жергілікті бюджетке 118 миллиард теңге салық жинаған болсақ, биыл салық түсімі 125 миллиард теңгеден кем болмауы керек. Инвестициялар тарту да маңызды. Жоспарға сай аймаққа 2 триллион теңге инвестиция құйылуы керек. Бұл бізде 5 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады деген сөз. Ақтөбе нарығына ірі трансұлттық компанияларды енгізу қажет,- дейді Олжас Смағұлов. Тізбектелген өндіріске көшу керек. Шикізат бірнеше зауытта өңделсе, сапасы артып, бағасы да көтеріледі. Бәсекелестікке төтеп бере алады. Ақтөбе үшін тың өндіріс ашу керек. Ол үшін үкімет пен әкімдік арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бірінші қаңтардан бастап елде ең төмен жалақы 42,5 мың теңгеге дейін өсті. 70 мың ақтөбеліктің жалақысы артты. 176 кәсіпорын 37 мың жұмысшысының еңбекақысын 10 пайызға өсірген. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде Ақтөбеде уәде етілген ядролық медицина, чек-ап орталықтары, балалар онкогематология орталықтарының құрылыстары биыл басталуы керек. Білім саласында осы жылы 25 бақша мен 10 мектеп ашу жоспарда. Мектептер былтыр жаппай компьютерлермен қамтылса, енді осы жылы жаппай бейнебақылау камераларымен жабдықталуы керек. 20 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Тұрақты жұмыспен 30 мың ақтөбелік қамтылады. 19 мың мүгедек оңалтудан өтеді. Тұрғын үй құрылысы қарқын алып, пәтер қолжетімді бола түседі.

Сайт телеканала rikatv.kz
Twitter twitter.com/rika_kz
Вконтакте vk.com/rikatv
news