Елбасы туралы көшпелі көрме Қызылордаға жол тартты

162
Published on 18 Jan 2019, 16:00
Ақтөбеліктер елбасы өмірімен жете таныс! Бүгін облыстық тарихи-өлкетану мұражайында "Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам" атты көшпелі көрме жабылды. Үш ай бойы көрмені 120 мыңнан астам адам тамашалаған. Онда елбасы кітапханасы, мыңнан астам жәдігер, маңызды құжаттар мен президенттің жоғары мемлекеттік наградалары жинақталған. Көрме барысында тұрғындар Нұрсұлтан Назарбаев туралы бұрын-соңды беймәлім болған ақпараттармен танысып, әлемдік саясаттағы тұлғалардың Қазақстан мен президент туралы ой-пікірлерін оқыды. Көшпелі көрме жобасы 2017 жылдың қарашасында Алматыдан бастау алып, 2018 жылдың ақпан айында Шымкентте өз жұмысын жалғастырды. Атырау қаласына да аялдады. Үш қалада да жоғары деңгейде өткен көрмені 300 мыңнан астам адам тамашалады. Біздің өңірде үш ай болған «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі Қызылорда қаласына жол тартты.

Сайт телеканала rikatv.kz
Twitter twitter.com/rika_kz
Вконтакте vk.com/rikatv
news