«Eurocopter 130» тікұшағы апатының себебін анықтау жұмыстары жалғасады

44
Published on 18 Jan 2019, 17:04
Алматы қаласындағы шипажай маңында болған тікұшақ апатына байланысты бүгін Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі, Авиациялық және оқыс оқиғаларды тексеру басқармасының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов брифинг өткізді. Журналистермен кездесуде бас маман апатқа үш жағдай себеп болуы мүмкін дегенді айтты.

Бас мамандардың айтуынша, тікұшақ апатының орын алуына үш түрлі себеп болуы мүмкін. Яғни техникалық ақау, ұшуды басқарудағы қателіктер немесе қолайсыз ауа райы. Боралдайдан ұшып шыққан Eurocopter-130 тікұшағы Үлкен Алматы көлі маңындағы қону алаңына 10 шақырым қалғанда жерге құлаған. Тікұшақты тізгіндеген 50 жастағы Валентин Шитов басынан алған ауыр жарақытының салдарынан жедел жәрдем жеткенше көз жұмды.
Толығырақ: 24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/291003-eu... Подписывайтесь на «Хабар 24»:
youtube.com/c/tv24kz
Наш сайт - 24.kz
Facebook - facebook.com/tvkhabar24
Instagram - instagram.com/tvkhabar24
Telegram - t.me/tvkhabar24
Twitter - twitter.com/tvkhabar24
Vkontakte - vk.com/tvkhabar24
news