Еліміздегі тарихи ескерткіштер заңмен қорғалатын болады

93
Опубликовано 18 января 2019, 17:53
Еліміздегі аудан, елді мекендерде тарихи-мәдени археологиялық ескерткіштер көп. Оның тізімін құрып, қорғауға алмасақ ертең жойылып кетуі мүмкін екен. Бұл ой Түркістанда өткен «Тарихи-мәдени мұраны қорғауды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге» арналған көшпелі отырыста айтылды.

Сондай-ақ алқалы жиында еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайы да қаралды. Жиынға Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Түркістан облысы әкімдігінің басшылығы, археология ұйымдарының өкілдері мен сарапшылар және жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты. Елімізде 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар. Оның 11 мыңға жуығына заң бойынша қорғауды қамтамасыз ететін тарихи-мәдени ескерткіштер мәртебесі берілген.
новости