Үйі бар азаматтар да «7-20-25» бағдарламасына қатысуы мүмкін

44
Опубликовано 22 января 2019, 15:12
Енді үйі бар азаматтар да «7-20-25» бағдарламасына қатысуы мүмкін.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. Бағдарлама қабылданғалы 4 мыңнан астам өтініш мақұлданған. Тағы қандай игі істер жүзеге асуда?

«Бес әлеуметтік бастаманың» алғашқысы – әрбір қазақстандықтың баспаналы болуы. Былтыр «7-20-25» бағдарламасы қабылданғалы 52 млрд теңгеге 4 350 өтініш мақұлданған. Енді үй алу одан да қолжетімді болмақ. Бүгін ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев үйі бар азаматтарға да осы бағдарламаға қатысу құқығы берілуі мүмкін екенін айтты.
новости