"Мансап" мектебінде жаңа оқу кезеңі басталды

42
Опубликовано 23 января 2019, 16:00
Болашақ мемлекеттік қызметкерлерді даярлайтын "Мансап" студенттік мектебінің бүгін 4-кезеңі басталды. Қаладағы жоғары оқу орындарының 15 студенті мектепке бірнеше емтихан тапсырып қабылданған. 4-кезеңнің студенттерімен бүгін облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Рафхат Бисенов кездесті. "Мансап" студенттік мектебі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті жанынан құрылған. Болашақ мемлекеттік қызметкерлерді даярлайтын мектептің бүгін 4-кезеңі басталды. Қаладағы жоғары оқу орындарының 15 студенті мектепке алдымен тест тапсырып, кейін сұхбаттасудан өтіп барып қабылданады. Қазір үздіктер оқып жатыр. Білікті мамандар дәріс береді. Теориялық және тәжірибелік сабақтар 4 ай өтеді. Осы аралықта болашақ мемлекеттік қызметкерлерге олардың міндеттері, халықпен жұмыс жасау, психологиялық тұрақтылық үйретіледі. Кейін өздері таңдаған мемлекеттік мекемеде тәжірибеден өтеді. Оқу соңында әр студентке арнайы сертификат табысталады. "Мансап" студенттік мектебі 3 жыл бұрын ашылған. Бүгінге дейін 60-қа жуық түлек шыққан. Олардың 80 пайыздан астамы мемлекеттік қызметте жүр.

Сайт телеканала rikatv.kz
Twitter twitter.com/rika_kz
Вконтакте vk.com/rikatv
22 часа – 815:13
Выпуск 18.02.2019
новости