БЕС БАЛАНЫҢ ӨЛІМІНЕ КІМ КІНӘЛІ?

152 433
Published on 4 Feb 2019, 13:59
4 ақпанға қараған түні Астананың Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесіндегі үйдің ауласындағы уақытша баспана өртеніп, бір отбасының бес баласы қаза тапқан.
Originally published at - azattyq.org/a/kazakhstan-astana-fire/297...

Астанадағы Шыңғыстау көшесінде орналасқан екі бөлмелі үйдің өртеніп жатқаны туралы суыт хабар түнгі екі жарымда келген. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеті минутта жетсе де, үйдегі бес баланы құтқарып үлгермеген.

Күндіз балаларымен отыратын анасының түнгі кезектегі жұмысқа орналасқанына үш күн болған екен. Сәбилердің әкесі де түнгі ауысымға шыққан.

Бүлдіршіндердің тілсіз жаудың кесірінен көз жұмғанын естіген жас отбасының туыстары оқиға орнына дереу келген. Ауыр қазадан естерін жия қоймаған олар балаларынан айырылған ерлі-зайыптының жағдайына алаңдайды. Түн ішінде шыққан отпен күресуге көршілер де келген. Бірақ, өрт сөндіру қызметі жеткенше үйдің шаңырағы опырылып ортаға түскен.

Бес бірдей бүлдіршіннің қазасына байланысты қала әкімі Бақыт Сұлтанов шұғыл кеңес өткізген. Бұдан соң баспасөз мәслихатында әкімдік қызметкерлері бұл отбасы көпбалалы ретінде тіркеуге тұрғанымен, баспана кезегіне тіркелмегенін айтты.

Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, былтыр 699 үйден өрт шығып, 10 адам қаза тапқан. Олардың біреуі бала.

Бізге жазылыңыздар:
Фейсбук: facebook.com/azattyq
ВК: vk.com/azattyqradiosy
Твиттер: twitter.com/AzattyqRadiosy
Телеграм: telegram.me/azattyq
news