Атырау облысында жұмысшылар астан уланып қалды

21
Опубликовано 12 февраля 2019, 15:31
Атырау облысындағы Теңіз кен алаңында астан уланып қалған жұмысшылардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Құлсары қаласындағы орталық ауруханаға жеткізілген науқастардың барлығы дерлік өздерін жақсы сезінеді. 13 науқас жеңіл ем алатын болды. Тағы тоғызы жұмысшылар жатақханасында уақытша оқшаулануда.

Аудандық аурухананың жұқпалы ауруларға арналған бөлімшесінде дәрігерлер бақылауында болған қалған 4 жұмысшы соңғы мәлімет бойынша үйлеріне шықты.
новости