Тараздық жүзге жуық аналар билікке арыз-шағымын жеткізді

2 191
Published on 18 Feb 2019, 15:48
Таразда атқарушы билікке арыз-шағымын жеткізу үшін жүзге жуық ана жиналды. Жағдайын айтып жыларман болғандардың көбі тіпті құндақтаулы балаларын да қолына алып келген. Талаптарын тыңдатпай табалдырықтан қайтпаймыз деген топ ақыры Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымовты алдыртты. Көп балалы аналар көтерген мәселелерді Нұрадин Рақай тыңдап қайтты.
news