ЭКО арқылы 2 жылда 12 сәби өмірге келді

73
Опубликовано 19 февраля 2019, 16:00
Қаламызда экстрокорпоральды ұрықтандыру арқылы 2 жыл ішінде 12 сәби дүниеге келді. Тағы 10-нан астам ақтөбелік келіншек жүкті. Жасанды ұрықтандыруға жүгінетін қыз-келіншектер арасында 50 жасқа дейінгілер көп. Ең үлкені 47 жастағы әйел. Барлық құралдармен жабдықталған орталыққа жерлестерімізден бөлек Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының да сәби сүюді аңсаған тұрғындары жүгінеді. Ем-шаралар әр әйелдің жасына қарай жасалады. Құны да соған сәйкес қымбат. Жасанды ұрықтандыру құны 600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін жетеді. Жасанды ұрықтандыру ақысын науқас бірден төлемейді. Өз кезеңдері бар. Одан өзге әйелдер мен ер адамдардың ұрықтары да сақталады мұнда. Эмбриондар заң бойынша 50 жылға дейін сақталуы тиіс. Ол үшін де ақыны азаматтардың өзі төлейді. Шаһарда эмбриондары сақталған 5 келіншек жүкті болған. Экстрокорпоральды ұрықтандыру әдісі тұңғыш 1987 жылы Англияда қолға алынған. Сол жылы Луиза Браун есімді сәби дүниеге келген. Кеңес Одағы кезінде мұндай әдіспен өмірге келген сәби мәскеулік екен. Ал, елімізде тұңғыш сәби 1996 жылы туды. Экстракорпоральды ұрықтандыру әдісі бала сүю бақытынан айрылған отбасылардың мәселесін түбегейлі шешпейді. Бірақ, біраз отбасыға үміт пен шаттық сыйлайтын соңғы мүмкіндіктердің біріне айналды.

Сайт телеканала rikatv.kz
Twitter twitter.com/rika_kz
Вконтакте vk.com/rikatv
6 часов – 1986:31
Путь лидера
новости