СҚО шаруалары өсірген картоптарын сата алмай жүр

41
Опубликовано 19 февраля 2019, 16:53
Солтүстік Қазақстанда картоп құнсызданып кетті.

Бұл тұтынушыларға жақса, шаруаларды керісінше шығынға батырып жатыр. Олардың айтуынша, жиналған өнімнен пайда жоқ.

Евгений Мельничук картоптың голландиялық тұқымын егеді. Былтыр ол 3 мың тонна өнім алды. Бірақ 30 гектар жерін жинаған жоқ. Өйткені күзде сауданың нағыз қызған шағында баға түсіп кеткен. Себебі нарықта картоп көп.
новости