Германия ауаны тазарту үшін қандай шаралар қабылдап жатыр?

29
Published on 20 Feb 2019, 6:51
Германияның қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметінше, елдің 70 қаласында ауаның ластану көрсеткіші Еуроодақта белгіленген мөлшерден бірнеше есе асып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал ауасы ең лас шаһарлар – Мюнхен, Штутгарт пен Кёльн. Ел тұрғындары осы мәселеге алаңдап отыр. Үкімет ауаны тазарту үшін қандай шаралар қабылдап жатыр?

Германия тұрғындары өз денсаулықтарымен қатар қоршаған ортаға да ұқыптылықпен қарайды. Сол себептен көбісі қоғамдық көлікпен немесе велосипедтермен жүреді, ал кейбіреуі электр көліктерін сатып алады. Өкімет де ауаны тазарту үшін қатал шаралар қабылдаған. Ірі қалалардың орталығына ескі дизель көліктерімен кіруге шектеу қойылған. Қазір бұл тізімде Штутгарт пен Гамбург бар, биыл олардың қатарына Майнц, Кёльн мен Берлин қосылмақ. Ережені бұзғандарға айыппұл салынады. Гамбургте оның мөлшері – 25 еуро, ал Штутгартта – 80 еуро.

Толығырақ: 24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/297606-g... Подписывайтесь на «Хабар 24»:
youtube.com/c/tv24kz
Наш сайт - 24.kz
Facebook - facebook.com/tvkhabar24
Instagram - instagram.com/tvkhabar24
Telegram - t.me/tvkhabar24
Twitter - twitter.com/tvkhabar24
Vkontakte - vk.com/tvkhabar24
news