Мал ұрлатқан шаруа қожалықтарының иелері полицияның немқұрайлылығына наразы

108
Опубликовано 22 февраля 2019, 4:22
Қыста аудандарда ірі қара мал жиі ұрланады. Бір- екі бас ірі қараны барымташылар місе тұтпайды. Олар бір үйір малды қиналмастан айдап кетеді. Ең сорақысы ұрылардың ізі жоқ. Олар анықталса да жазаланбайды. Тәртіп сақшыларына жүгінсе, олар істі жылы жауып қоя салады. Бүгінгі кеңеске бірнеше азамат осындай шағыммен келді. Әйтеке би ауданындағы "Әсім наз" өндірістік кооперативінен 2015 жылы 500 бас жылқы жоғалған. Құны 150 млн. теңгені құрайтын бір үйір жылқының қайда кеткені әлі белгісіз. Тергеу аяқталған. Былтыр осы қожалықтың 206 бас жылқысы тағы да ұрылардың жетегінде кеткен. Аудандық полиция бөліміне мал жоғалғаны жөнінде арыз түсірген қожалық иесі Қуанбек Әсімбет істі тергеуде шикілік бар екенін айтады. Ұрылар алыстан келмеген, өзінің малшылары болып шыққан. Осыны біле тұра полиция қызметкерлері оларға жаза қолдануға асықпаған. Бірін кепілдік қойды деп, екіншісін қолхатпен еркіндікке жіберген. Бұл қысмыстық іс бойынша 5 күдікті анықталған. Бүгінде барлығы бостандықта. Қуанбек Әсімбет тәртіп сақшыларынан қайыр болмағасын "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына жүгінген. Палата жанындағы кеңес осындай шағымдарды қажетті органдарға жеткізуге көмек береді. Бүгін өткен кеңесте тергеу амалдарын дұрыс жүргізбей, ұрылардың мүддесін қорғаған полиция қызметкерлерінің әрекетіне жауап алынбады. Қуандық Әсімбеттің шағымына жауап берген облыстық тергеу басқармасы бастығының орынбасары бұл қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары тоқтатылғанын жеткізді. Прокуратураға бұл іс енді жолданған. Зардап шегуші соттың шешімін күтеді.

Сайт телеканала rikatv.kz
Twitter twitter.com/rika_kz
Вконтакте vk.com/rikatv
новости