Дональд Трамп ғарыш күштерін құру туралы құжатқа қойды

33
Опубликовано 22 февраля 2019, 8:35
АҚШ президенті Дональд Трамп ғарыш күштерін құру туралы құжатқа қойды. Бұл жаңа әскери құрылым АҚШ Қарулы күштерінің алтыншы бөлімшесі болмақ. Трамп ғарыш күштерін дербес әскери құрылым ретінде жасақтауды былтыр ұсынған еді. Сол кезде вице-президент Майк Пенс жаңа күштердің 2020 құрылатынын мәлімдеген. АҚШ әскери-әуе күштерінің басшысы Дэвид Голдфейн вашингтондық Brookings сараптау орталығында сөйлеген сөзінде бұл жоспарды жүзеге асыруға әлі ерте екендігін жасырмады. Сондықтан ең алдымен АҚШ ғарыш қолбасшылығын құру қажет.
новости