Ақтауда тәрбиешіге қол көтерген балабақша директорына айыппұл салынды

233
Published on 22 Feb 2019, 9:38
Қол астындағы қызметкеріне қол көтерген жекеменшік бөбекжай директорына айыппұл салынды. Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты осы істі денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру деп танып, кінәлі тұлғаны 37 мың 875 теңге төлеуге міндеттеді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Еске салсақ, 15 ақпанда қызмет орынында басынан жараланған тәрбиеші туралы бейнетүсірілім әлеуметтік желіге таралған еді. Зәбір көруші балаларға тамақтың неліктен аз берілетінін басшыдан сұраған. Іскер әйел өз кезегінде жұдырық ала жүгіріп, оның басынан стақанмен ұрады. Директордың кінәсі сот сараптамасы және куәгерлердің жауабымен дәлелденді. Дау шыққан бөбекжай уақытша жұмысын тоқтатты. Подписывайтесь на «Хабар 24»:
youtube.com/c/tv24kz
Наш сайт - 24.kz
Facebook - facebook.com/tvkhabar24
Instagram - instagram.com/tvkhabar24
Telegram - t.me/tvkhabar24
Twitter - twitter.com/tvkhabar24
Vkontakte - vk.com/tvkhabar24
news