Әміржан Қосанов наразылық акцияларын қолдамайтынын ашық айтты

15 865
Published on 14 Jun 2019, 16:03
Президент сайлауында 16 пайыз дауыс жинаған Әміржан Қосанов сайлауға байланысты наразылық акцияларын қолдамайтынын ашық айтты. «Мен «президент бола алмадым» деп, азаматтарды заңсыз акцияларға шақыра алмаймын!» дейді ол. Сайлауда қолдағандарға алғыс айтқан Қосанов мырза өзіне қатысты айтылған сыни пікірлерді ескеретінін де жазыпты. Иә, Әміржан Қосанов фэйсбукке осылай деп, ауруханадан пост жазды. Саясаткер «Жүрек пен жүйкеге біраз салмақ түссе керек» дейді.
news