Венесуэладан үдере көшкен елдің саны - 4 миллионнан асты

2 436
Published on 14 Jun 2019, 16:04
БҰҰ дерегінше Венесуэладан үдере көшкен елдің саны - 4 миллионнан асты. Елде экономикалық дағдарыстың кесірінен халық қатты кедейленіп кеткен. Ұлттық валютаның құнсызданғаны соншалық орталық банк 10 мың, 20 мың тіпті 50 мыңдық боливар купюраларын шығарған. Алайда елдің қолында ақша жоқ, халық көбіне ақша аударымы арқылы немесе доллармен ғана есеп айырысады екен.
news