Ақмола облысында есірткімен тікелей қатысы бар 100-ден астам дерек тіркелді

6
Опубликовано 13 июня 2015, 3:34
Оңай олжаға құныққан адамдардан 77 келі есірткі тектес заттар тәркіленген.

Ақмола облыстық Ішкі істер департаментінің мәліметі бойынша, өңірдегі ахуал сын көтермейді. Қазір ел ішінде «Көкнәр-2015» республикалық іс-шарасы жүріп жатқаны белгілі. Тәртіп сақшылары бір тәулікте 2 қылмыстың бетін ашты.

Есірткі саудасына ден қойған бір азамат тамаққа пайдаланатын көкнәрдан аса күшті апиын дайындап шығарған. Оны өзі қолданып қана қоймай, басқалармен де бөліскен.

Қазіргі таңда облыс бойынша 843 адам есірткіге тәуелді болса, оның 43-і әйел азаматшалар. Тіпті тең жартысы кәмелетке де толмаған.

Бауыржан Дәукенов, облыстық ІІД есірткімен күрес басқармасының басшысы

-37 жастағы Көкшетау қаласының азаматы өз үйін нашақорлар ордасына айналдырған. Өзі наркологиялық диспансерде есепте тұрғанына қарамастан, біз барғанда есірткіге елтіп алғаны анықталды. Тағы бір 27 жастағы азаматша нашаның соңына түсіп, сәбиін ұмытқан. Жалпы шара барысында есірткіге қатысты 101 қылмыстық құқық бұзушылықтың беті ашылды.
18 часов – 66030:00
Итоги дня 21:00 от 18.02.2019
2 часа – 7827:02
Арулар (16.02.2019)
новости