Царнаев Колорадо штатындағы түрмеге жеткізілді

10
Опубликовано 26 июня 2015, 4:28
Джохар Царнаев Колорадо штатындағы ең қатаң режимдегі түрмеге жеткізілді. Бұл жөнінде BBC агенттігі хабарлайды. Осыған дейін ол Массачуссетс штатындағы Девенс қаласындағы түрмеде ұсталған отырған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Бостон қаласының аймақтық федералдық соты Джохар Царнаевты өлім жазасына кесті. Оның қорғаушылары 14 күн ішінде үкімді қайта қарау жөнінде шағымдана алады.

15 мамырда алқа соты Царнаевты 30-тармақ бойынша айыпты деп таныған болатын.

2013 жылы Бостондағы дәстүрлі марафонда болған жарылыстардан 3 адам қаза тауып, 260-тан астамы жараланған еді.
новости