Әлем халқының 80 пайызы латын әліпбиімен сауатын ашуда

72
Опубликовано 14 сентября 2017, 2:31
«Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының мүшелері латын әліпбиіне көшу мәселесін қолдап, халыққа үндеу жариялады.

Себебі тілдің фонетикасы мен графикасының сәйкес келуінде үлкен мән бар. Барша қазақстандық жаңа нұсқаны талқылауға белсене қатысуы керек. «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед жаңа қазақ алфавиті үш мәселені шешіп беретінін мәлімдеді. Отырысқа Парламент депутаттары, тіл мамандары, тарихшылар да қатысты. Олардың айтуларынша, бүгінде Солтүстік пен Оңтүстік Африка, Жерорта теңізі жағасындағы елдер, Тынық мұхиты мемлекеттерінің барлығы латын әрпін пайладанады. Немесе әлемнің 80 пайыз елі латын әліпбиімен сауатын ашып отыр.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

– Ұлт тағдырына қатысты кез келген мәселені он ойланып, жүз толғанып, өзіне ғана тән дархан даналықпен кемел шешім қабылдайтын Елбасымыз латын алфавитіне көшуге келгенде тағы да кемеңгерлік танытты. Бұл тек әліпби ауыстыру емес, бар қазақтың бойына ана сүті, әке тәрбиесімен даритын қазақ тілін заманаға сай жаңғыртудың кешенді жүйесін, дұрыс сөйлеу мен жазу мәдениетін қалыптастыру деп білемін. Ендеше латынға көшу Елбасымыз ұсынған «Рухани жаңғырудың» берік іргетасы деп білемін.

Жамбыл Ахметбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Жеңіл оқылады екен. Орыс тілді халықтар да, қазақтар да оқи алады. Түріктердің, әзербайжандардың тілдері біздің тілге ұқсас болғандықтан, олардың тілдерін тез түсіне бастаймыз. Сондықтан осы нұсқаны қолдаймыз.
новости