Акушер-дәрігер Талғат Патсаев Шымкентте жерленді

2 626
Published on 5 Oct 2017, 20:08
Санитарлық авиация ұшағының апатқа ұшырауы салдарынын қаза тапқан акушер-дәрігер Талғат Патсаев бүгін Шымкентте жерленді. 46 жаста көз жұмған профессорды ақтық сапарға шығарып салуға туыстары мен дос-жарандарынан өзге Оңтүстіктегі әріптестері мен атқамінерлер түгел жиналды. Білікті маманның артында бір ұл, бір қызы қалған. Марқұмның жаназасы ата-анасы тұрып жатқан қара шаңырақта өткізілді.
news