20 жастағы ана мен ішіндегі бала көз жұмды. Туыстары бала ауыстырылды деп күдіктеніп отыр

387 350
Опубликовано 25 октября 2017, 15:33
Оқуын үздік аяқтап, тұрмысқа шығып, ана атануына екі ай уақыт қалғанда Рысгүл Момбек Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында қайтыс болды. Дәрігерлер Рысгүлдің ішіндегі жеті айлық сәбиін де, өзін де құтқара алмапты. Бәрінен де сорақасы Рысгүлдің туыстары іште шетінеді деп мәйітханадан берілген баланың денесі басқа сәбидікі деп отыр.
новости