Қазақстан мен Молдованың сауда қарым-қатынасы болашаққа бағыт болады

45
Published on 26 Oct 2017, 15:01
Соңғы үш жылда Қазақстанның Молдовамен тауар айналымы 10 есе төмендеген. Бірақ бұл елмен алыс-берісіміздің азаюына контрабанданың қатысы жоқ. Өзара сауда-саттықты Кеден одағының санкциялары тежеп отыр. Сондай-ақ логистика дұрыс жолға қойылмаған.

Әуелгіде 200 миллионға есеп құрған Қазақстан мен Молдова арасындағы тауар айналымы бүгінде тек 20 миллион долларға ғана шығып отыр. Ұзақ достық және іскерлік қарым-қатынасты ескергенде, әрине бұл көрсеткіш екі тараптың да көңілінен шықпасы анық. Молдовадан Қазақстанға экспортталатын тауарлардың 80 пайызын жеміс-жидек, көкөніс, консервілер мен Молдованың танымал шарабы құрайды. Ал Молдовада Қазақстанның химия саласындағы өнімдері, түрлі препараттар мен минералдар сұранысқа ие. Бірақ қазір екі жақтың да тауар айналымы едәуір қысқарған. Бұл әрине мемлекеттердің экономикасына айтарлықтай әсер етіп отыр.
news