Сырттан келетін жеміс-жидектердің сапасы күмән туғызып отыр

50
Опубликовано 4 декабря 2017, 1:32
Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан тасымалданған жеміс-жидектердің сапасы күмәнді.

Мемлекеттік инспекторлардың мәлімдеуінше, бұл елдерден әкелінген анар, алма, құрма жемістерінен камсток құрты сияқты карантиндік нысандар анықталған. Арнайы зертханалық сараптама нәтижесі күдікті растап отыр. Жалпы жыл басынан бері 418 тонна жемістің сапасына күмән туған. Соңғы тексеру барысында Қырғызстаннан әкелінген 30 тонна анар өнімі залалды болып шықты. Еуразиялық экономикалық одақтың арнайы заңнамасына сәйкес, мұндай өнімдер залалсыздандырылып жойылады немесе келген жағына кері қайтарылады. Бұл зиянкестер адам денсаулығына қауіп төндірмесе де, 300-ге тарта өсімдік түріне залалын тигізеді.

Барлық жаңалықтар: 24.kz/kz/zha-aly-tar
Twitter twitter.com/tvkhabar24
Facebook facebook.com/tvkhabar24
Вконтакте vk.com/tvkhabar24
новости