Мәжілісте «Кинематография туралы» заң жобасы талқыланды

18
Опубликовано 26 декабря 2017, 15:40
Отандық фильмдердің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұлттық киноны мемлекеттік қолдау қоры құрылуы тиіс.

Бастама құжат аясында ұсынылып отыр. Егер бастама қолдау тапса, қор кино өндірісіне, прокат қызметіне мемлекет қаржысын бөлудің басты операторына айналады. Әлеуметтік маңызы бар фильмдер 100 пайыз қазына қаржысына түсірілетін болады. Ал шетелдік кино компанияларының қатысуымен түсірілетін жобаларға қажет ақшаның 50 пайызы ғана мемлекеттен төленеді. Ұлттық киноны қолдау қоры құрылса, 89 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

– Алдымен заңнамалық шаралар арқылы ұлттық кинематографияға қолдау көрсету, оны жаңа сапалық деңгейге шығару жолындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін маңызды құрал екенін ескеруіміз тиіс. Екіншіден отандық киноның мәртебесін көтеріп, ұлттық киноны жаһандық кеңістікке шығару арқылы еліміздің мәдениетін танымал ету – бүгінгі басты мәселенің бірі.
новости