Ақтауда жағалаудағы жартастар туристік нысанға айналмақ

68
Опубликовано 16 января 2018, 14:24
Шаһар басшылары ақ маржан қалада ерекше жобаны іске асырмақшы.

Жартасты жағалай 2 шақырым жерге сүрлеу жол салынады. Мұндағы үңгірлер абаттандырылып, табиғи мұражайға айналады. Жасанды сарқырама жасау да жоспарда бар.

Гүлмира Әбішева, тілші:

- Жартастағы сүрлеу жол дәл осы жерден басталады. Бұл жер тегіс болмағандықтан жартасты бойлай мыңнан астам баспалдақ салынады. Саяхаттаушылар мен қала тұрғындары Каспий теңізін, жалпы осындағы табиғатты тамашалай отырып 2 шақырымдай жерді жаяу жүріп өтеді.

Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін сүрлеудің екі жағы қоршалып, әр 30 метр сайын бейнебақылау орнатылады. 24 шолу алаңы салынады. Халықтың күндіз-түні демалуы үшін барлық жартас жарықтандырылады. Алыстан көрінетін түрлі-түсті шамдар қала ажарын аша түспек.
новости