Соңғы 7 жылда елімізде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны жарты миллионға азайған

91
Опубликовано 16 января 2018, 15:35
Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова елімізде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны жарты миллионға азайғанын жеткізді.

Оның айтуынша, елдегі экономикалық белсенді халықтың 26 пайызы өзін-өзі еңбекпен қамтып отыр. Бұл бұрынғы жылдармен салыстырғанда, едәуір аз. Дегенмен көлеңкелі экономика, бейресми жұмыспен қамту, табыстың жасырылуы сынды өзекті жайттар түйінді түйткіл туғызып келеді. Айта кетейік, тәуелсіздіктің алғашқы он жылында, яғни кәсіпорындар жабылып, жұмыссыздық белең алған кезеңде өзін-өзі еңбекпен қамтыған адамдар саны 2 миллион 800 мыңға жеткен.
10 часов – 19529:46
Итоги дня 21:00 от 16.08.2018
новости