Әлемнің ең биік мінберінен қандай мәлімдеме жасалмақ?

50
Опубликовано 18 января 2018, 13:42
Бүгінгі күннің басты жаңалығы – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысып, сөз сөйлейді.

Әлемнің ең биік мінберінен қандай мәлімдеме жасалмақ?

Астанада кеш батқанына қарамастан, Нью-Йоркте енді ғана алалаулап таң атып келе жатыр. Жергілікті уақыт сегіз шамасы. Бірден айта кету керек, Елбасының осы күндері өтіп жатқан АҚШ-қа ресми сапары жемісті деуге негіз бар. Алдымен ел Президенті Дональд Трамппен басталған нәтижелі келіссөздер бизнес капитандарымен салиқалы сұхбатқа ұласса, енді бүгін Нью-Йорктегі БҰҰ-да жалғасын таппақ. Бірер сәттерден соң әлемдік қауіпсіздік пен бейбітшіліктің діңгегіне айналған сол БҰҰ бас ғимаратында көптен күткен тарихи жиын өтпек. Иә, бұл қазақ елі үшін шын мәнінде тарихи сәттің бірі де, бірегейі. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысып, маңызды мәлімдемелер жасайды. Іргелі кеңеске ұлы дала елінің төрағалығы осы айда басталған болатын. Сөйтіп, бұл органның барлық бағыты бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр.
25 мин – 165:12
Горючий план
новости