Қатыгез болып бара жатқан адам ба, заман ба?

5 540
Опубликовано 18 января 2018, 15:23
Қатыгез болып бара жатқан адам ба, заман ба? Күйеуінен қорлық көрген әйелдер, зорлық көрген балалар жайында жиі еститін болдық. Бұл жолы Шымкентте әйелін оңбай ұрып-соққан азамат, жүкті ананың іштегі сәбиін де өлтіріп қойған. Бір ай жансақтау бөлімінде жатқан Салтанат Молдыбаева есін әзер жиды. Енді ол өмір бақи бала көтере алмайды. Отбасылық зорлықтан әбден қорқып қалған 33 жастағы ана бостандықта жүрген күйеуі өзін әлі де қорқытып отырғанын айтады.
новости