Д.Бабамұрат: Елбасы әлемді ядролық қарудан азат ету туралы нақты ұсынысын жеткізді

49
Опубликовано 18 января 2018, 18:46
Бүгін еліміздің сыртқы саясаты үшін айтулы күн десек болады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында мәлімдеме жасады. Елбасы онда өзінің нақты ұсыныстарын жеткізді. Ең негізгі мәселе Солтүстік Кореяға қатысты болды.

Дәурен Бабамұрат, саясаттанушы:

– Елбасы бір мәселені қадап айтты. Негізінен мынау әлемді ядролық қарудан азат етудің негізгі жүгі ядролық қару басым мемлекеттерге байланысты. Яғни әлемнің тұтқасын ұстап тұрған мемлекеттерге Елбасы тікелей қаратып айтты. Яғни егер әлемде ядролық қарудың азаюын қаласаңыздар, онда өздеріңізден бастаңыздар. Яғни негізгі мемлекеттер ядролық қарусыздандыруды өздерінен бастау керек деп айтты. Енді, менің ойымша, бұл – қалыптасқан жағдайда ең ұтымды ұсыныстардың бірі.
новости