Күні кеше тағайындалған жаңа министр ана тілді әлі меңгермепті

43 554
Опубликовано 13 февраля 2018, 15:30
«Шаршаған» Тамара Дүйсенованың орнына келген су жаңа министр Мәдина Әбілқасымова қазақша сауалдарға жауап бере алмай, тілшілерден қашып кетті. Алғашқы сұхбатында-ақ қазақшасы үш сөйлемнен соң бітіп қалған шенеунік, ана тілімді аз күнде үйренемін деп саспады. Бірақ, Үкіметтің алғашқы отырысына қатысқан күннен лауазымды шендінің қарқыны қатты. Экс-министр Тамара Дүйсенованың қателіктерін қайталамаймын, жұмыссыздар мәселесін аз уақытта шешемін деп отыр.
новости