Өмірін өлімге қиып, жас қызды ажалдан сақтап қалды

199 403
Опубликовано 13 февраля 2018, 15:30
Оңтүстік Қазақстан облысында отыз жастағы азамат өзінің өмірін өлімге қиып, жас қызды ажалдан аман сақтап қалды. Ақсукент тұрғындары үш баланың әкесі Нығмет Махмудовтың сол күнгі әрекетін ерлікке балайды. Құлағына құлаққап киіп, жақындап қалған пойызды аңғармаған екінші қызды құтқарамын деген сәтте, шойын жолдағы жүйткіген алып күштің қатты соққысы оны да ұшырып жіберген.
новости