Емделуге дәрі жоқ

2 203
Опубликовано 13 февраля 2018, 15:31
Жыл соңында ғана «дәріден таршылық көрмейміз» деп министр Елжан Біртанов премьер-министрді алдады ма, әлде айналасындағылар Біртановты алдады ма, әйтеуір денсаулық сақтау министрі сөзінде тұрмады. Өйткені бүтін бір Батыс Қазақстан облысының науқастары үш айдан бері тегін дәрі таба алмай әлекке жатыр. Әсіресе, қатерлі ісікке шалдыққан науқастар үшін, дәрі-дәрмектің жоқтығы қиын. Өңірде онкологиялық дертпен ауыратындардың жағдайы нашарлағанын жергілікті мамандар да жасырмайды.
новости