«Масленицаны» қалай қарсы алсаң, жыл бойы солай жүресің...

32
Опубликовано 14 февраля 2018, 12:53
Сайрам ауданында білім ордалары масленица мерекесін тойлауды бастады. Мұқағали Мақатаевтың атындағы мектепте дәстүрге сай, концерттік бағдарлама ұсынылды. Мерекелік шарада білектілер күш сынасып, өзара кім мықтыны анықтады. Көрермендер қошемет көрсетіп, үміткеркерлердің адуынын еселеді. Білім ордасы кештің мәнін арттыру үшін облыстық славян этно-мәдени орталығымен бірлесе жұмыс істеді. Мерекелік шара соңында ұйымдастырушылар қарақшы — қуыршақты өртеді. Ал балалардың қауіпсіздігін мамандар бақылауға алды. «Масленица» славян халықтарының қысты шығарып салып, көктемді қарсы алу мерекесі. Ол жеті күнге созылады. Славяндар осы жеті күннің әр күнін түрліше тойлап өткізеді. Бұл мереке кезінде дәмді құймақтар пісіріліп, көршілер бір-бірін қонаққа шақырады. Өйткені славяндар «Масленицаны» қалай қарсы алсаң, жыл бойы солай жүресің деген ұстанымды ұстайды.
новости