Қытайда Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды

80
Опубликовано 16 апреля 2018, 14:11
Қытайда шетелдік туризм мен саяхаттау халықаралық көрмесі өтіп жатыр.

Бұл шараға Қазақстан биыл алғаш рет қатысты. Делегация құрамында 12 туроператор, Алматы әкімдігі мен «Kazakh tourism» ұлттық компаниясының өкілдері бар. Олар көрмеге қатысушыларды қазақтың мәдениеті және салт-дәстүрлерімен таныстырды. Жалпы соңғы жылдары Қытай туристерінің Қазақстанға деген қызығушылығы артып келеді. Көрші елдің азаматтары әсіресе тарихи-мәдени, шопинг, казино турларын құп көреді. Сонымен бірге Астана мен Алматы қалаларына іскерлік мақсатта келетіндер көп. Адамзат баласы тұңғыш рет ғарышқа аттанған Байқоңыр айлағын көргісі келетіндер де табылады. Бейжіңде үш күнге созылатын халықаралық көрме барысында екі мемлекеттің туристік операторлары осы бағытта бірқатар келісімге қол қояды. Бүгін өткен шарада Қазақстан павильоны «Шашу шашып», «Қара жорға» биімен көпшіліктің назарын аударды. Әсіресе «Қазақ батырларының» келбетіне тамсанып, суретке түсушілер көп.
новости