Жамбыл облысында шегіртке 4 ауданға қауіп төндіруі мүмкін

45
Опубликовано 24 апреля 2018, 1:54
Жамбыл облысында шегірткеге қарсы күрес жұмыстары басталды.

Мамандар бұған жылдағыдан ерте кірісті. Өйткені аймақта марокко зиянкесі таралған аумақ көлемі артып, облыстағы 80 ауылдық округте тіркелген. Әсіресе Талас, Сарысу, Жамбыл және Байзақ аудандарында ерекше көп шоғырланғандығы байқалады. Қазір алғашқы дәрілеу жұмыстары осы жерден бастау алды. Биыл өңірде 355 мыңнан астам гектар жер химиялық өңдеуден өтеді. Оған 580 миллион теңге қаражат бөлінді. 70-тен астам жерден дәрілейтін техника және 11 ұшақ дайын тұр. Сонымен қатар Марокко елінен арнайы сарапшы мамандар шақыртылған. Олар зиянкестермен күресудегі тәжірибелерімен бөліспек.
новости