Ата-ананың бірі қарсы болған жағдайда баланың діни рәсімге қатысуына тыйым салынады

83
Опубликовано 16 мая 2018, 12:40
Елімізде бет-әлпетті тұмшалайтын киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге тыйым салынуы мүмкін.

Ал талапты бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мәжілістің жалпы отырысында Дін істері және азаматтық қоғам министрі заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізуді ұсынды. Мәселен, 16 жасқа толмағандардың ата-анасының бірі қарсылық білдірген жағдайда діни рәсімдерге қатысуына тыйым салынады. Ал егер рұқсат берсе, онда ата-анасымен бірге еріп баруы тиіс. Заң бұзған жағдайда діни бірлестік басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ некені қию бойынша рәсімдерді діни бірлестіктердің ғимараттарында ғана өткізу қарастырылып отыр. Бұдан бөлек діни бірлестіктер жыл сайын барлық кіріс көздері мен көлемі жөніндегі есепті Ақпарат құралдарында жариялауға міндеттелмек. Жаңашылдыққа толы құжатты Мәжіліс депутаттары талқылай келе бірінші оқылымда мақұлдады.
11 часов – 6210:04
ЕАЭС: Сауда
новости