АЭФ: ЕАЭО пен Иран арасындағы жеңілдетілген сауда-саттық жүйесі

49
Опубликовано 17 мая 2018, 9:40
Еліміздің жыл басынан бері Иран Ислам Республикасына жіберген ет көлемі былтырғы бір жыл бойғы көрсеткіштен де асып кеткен.

Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумында сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мәлімдеді. Ал осы форумның аясында қол жеткізілген Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасындағы жеңілдетілген сауда режимі бұл көрсеткішті одан әрі арттыруға мол мүмкіндік бермек. Аталған мәміледен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа елдер де зор үміт күтеді.
новости