Д.Ақышев қаржылық тұрақтылық жөнінде есеп берді

41
Опубликовано 23 мая 2018, 1:31
Еліміздегі екінші деңгейлі банктер табысын көтермелеп, есеп беріп келген.

2015-2017 жылдардағы Қазақстандағы қаржылық тұрақтылық жөнінде баяндаған Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы 8 жылда әлемдік нарықта қаржылық тұрақтылықты бағалаудың механизмдері өзгерген. «Қазақстанда несиелік тәуекел мен банк активтерінің сапасы жөніндегі ақпарат жұтаң. Егер бұл маңызды мәселеге екінші деңгейлі банктер жауапсыз қараса, оларды қадағалау ісі күшейтіледі», – деді Данияр Ақышев.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

– Әрине, қаржылық тұрақтылық туралы есеп қаржы ағынының төмен сырғуына ықпал ете алмасы анық. Қазақстан үшін қаржы жүйесіндегі негізгі тәуекел бекітілген айырбас бағамымен байланысты болып келді. Біз 2015 жылы теңгені еркін айырбас жүйесіне жіберу шешімі дұрыс болды деп айта аламыз. Сол арқылы экономикамыз сыртқы факторларға жалтақтамай, қаржы саласы да тұрақтанып келеді.
новости