Астанада кәсіпкерлердің ісіне заңсыз араласқан 300 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

162
Опубликовано 13 июня 2018, 13:48
Жалпы мұндай заң бұзушылық бойынша 900 дерек тіркелген.

Бұл –­ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің соңғы 3 жылда анықтаған келеңсіздіктері. Бүгін мамандар отандық инвесторлармен кездесіп, осындай жайттарды сөз етті. Оның алдын алу үшін осыдан 4 күн бұрын арнайы жобалық кеңсе ашылған болатын. Бірер күннің ішінде 11 инвестор шағым түсіріпті. Мұндай мекемелер барлық аймақта жұмыс істейді. Ондағы мақсат – «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерді жою. Себебі еліміз жең ұшынан жалғасқан жемқорлық көрсеткіші бойынша халықаралық рейтингте 122 орында тұр.
1 день – 962:12
День подписчика
новости