Мүңкіген иістен ақтөбеліктер тұншығып жатыр

683
Опубликовано 13 июня 2018, 15:21
Жаз басталса болды Ақтөбе халқы үйден шыға алмай қалады. Мүңкіген иістің кесірінен есік-терезелеріне дейін қымтап жауып тастайды. Ал екі жылдан бері қаланың экологиялық жағдайын жақсартамыз деп жағымсыз иіспен күресіп жүрген билік қолқаны алған иістің қайдан келіп жатқанын білмейді. Соған қарамастан, тек өткен жылы жағымсыз иісті жоюға 300 миллион теңге жұмсалыпты.
новости