Қазығұрт шағын ауданының халқы жолды жабуға бекінді

17 867
Опубликовано 14 июня 2018, 4:32
Халықпен мердігер арық үшін айғайласты. Тартысқан тараптарды тәртіпке салуға тіпті полицияның араласуына тура келді. Жұрт жол құрылысын жүргізген компанияның жұмысына наразы. Айтуларынша, жобада көрсетілген арықтың көлемі тым үлкен. Осының кесірінен көше кішірейіп, әрі жауын-шашынның суы үйге ағуы мүмкін екен. Алайда, мердігер мұның барлығын жоққа шығарды. Заң аясында жұмыс жасап жатырмын - деп арықты ауыстырмайтынын кесіп айтты. Бұған ашуланған тұрғындар техниканың жолын бөгеп, ақыры полиция шақыруға тура келген.
новости