Мұхтар Әбләзовтің Қазақстанға қатысты айласы қандай?!

24 975
Опубликовано 14 июня 2018, 15:19
Мұхтар Әбләзов Қазақстанда экстремистік деп танылған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының бейнероликтерін түсіруге шетелдік актерларды жалдап, тіпті өзінің туған жиенін де араластыра бастапты. Бүгін Бас прокуратура өкілдері экс-банкирге қатысты осындай мәлімдеме таратты. Мұнда 23 маусымда митингке шығуға үндеген роликтерді Киевтегі жарнамалық агенттік Әбләзовтің ақшасына дайындаған делінген. Роликтегі кейіпкердің бірі - Қазақстанға қатысы жоқ, азиялық келбетті артист екен. Ал екіншісі жылына 9 миллион теңге төлеп Шотландияның қымбат университетінде оқып жатқан экс-банкирдің жиені көрінеді. Бас прокуратура өкілдері роликтің негізгі мақсаты - елді арандатып, іріткі салу деп отыр.
новости