Хорватия футболшылары өз тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатының финалына шықты

5 645
Опубликовано 12 июля 2018, 16:52
Қазір Хорватия трендте. Туының түсі үш түрлі. Соның көк түсін берейікші. Хорватия футболшылары өз тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатының финалына шықты. Ширек финалда жарыс қожайындары Ресейді жеңген хорваттардың жанкүйері де күрт көбейген. Ал кешегі жеңістен кейін, тіпті, тегін өзгертуге ниеттілер де бар. Мысалы, Abai.kz порталының редакторы Қанат Әбілқайыр өзін Әбілқайырич деп атауды сұрапты. Әрине, астарында қалжың болғанымен, тегі -ич деп аяқталатын Хорватия футболшыларының чемпион болғанын қалайтындар көп.
новости