Джакартадағы Азия ойындарына елімізден 9 киберспортшы қатысады

165
Опубликовано 20 июля 2018, 13:08
Индонезия астанасы Джакартада өтетін жазғы Азия ойындарына 9 қазақстандық киберспортшы қатысады.

Қазір олар дайындық үстінде. Бұл спорт түрі құрлықтық доданың бағдарламасына жыл басында енгізілген болатын. Киберспорт қандай сайыс түрі? Жалпы спортқа жата ма?

Қаныш Әбікенов Азия ойындарына қатысатын 9 киберспортшының бірі. Негізінен футбол симуляторларына жақын. Компьютерлік ойындарға деген құмарлығы Қытайда оқып жүрген кезде ояныпты. Сүйікті ісінен елге қайтқан соң да қол үзбеді. Енді бір кездері тек хоббиі болған бұл ойын Қазақстанның намысын қорғауға мүмкіндік беріп отыр.
новости