Елбасы Денис Теннің ата-анасына қоңырау шалып, көңіл айтты

3 310
Опубликовано 20 июля 2018, 15:08
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарға үлгі бола білген тамаша ұлды, өз елінің нағыз патриотын тәрбиелеп өсірген Денис Теннің ата-анасына қоңырау шалып, көңіл айтты.

Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.

«Мемлекет басшысы жас әрі талантты, Қазақстан мен әлемнің сүйіспеншілігіне бөленіп үлгерген, болашағынан зор үміт күттірген Денис Теннің бақилық болуын ауыр қайғымен және зор күйзеліспен қабылдады. Президент Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудың негізін қалаған және еліміздегі спорттың дамуына зор үлес қосқан Денистің жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жіберді», - деді Айдос Үкібай.
новости